«Арселор Миттал Теміртау» Ресей компаниясына өте ме

7 Қыркүйек 2023, 11:42
1436
Бөлісу:
«Арселор Миттал Теміртау» Ресей компаниясына өте ме
Фото: BAQ.KZ - архив

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қатысты қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясының келетіні туралы мәлімет тараған болатын.

Ақордада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осыған қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. 

Олай емес, Ресей компанияларымен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Ешқандай келіссөз жүргізіліп жатпағанын тағы да түсіндіріп кетейін. Қазір инвестор қай елден келетінін айту ерте, - деді ол. 

Скляр компания кейбір міндеттемесін кешіктіріп жатқанын айтты. 

Расымен де компания қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіріп жатыр. Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатып отыр. Сол себепті өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ол. 

Үкімет мүшесі еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт болатынын жеткізді. 

Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, ерте, - деп жауап берді вице-премьер Ақордада.

Өзгелердің жаңалығы