Арқан тартыстан ұлттық құрама жасақталады

7 Наурыз 2024, 14:23
392
Бөлісу:
Арқан тартыстан ұлттық құрама жасақталады
Фото: автордан

Бұл туралы "Арқан тартыс" федерациясының президенті Еркебұлан Ильясов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Арқан тартыс" федерациясы алғаш рет БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл спорт елордада өтетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының бағдарламасына енген. 2 кезеңді қамтыған іріктеу сайыстарының финалдық бәсекесі Астанада басталды.

Біздің мақсатымыз V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына спортшыларды іріктеп алып ұлттық құраманы жасақтау. Ұлттық спортымызды дамыту, жүйелі жолға қою және ұлттық құрама ойыншыларын елімізде ғана емес әлемдік жарыстарға шығару. Бұл спорт 75 елде тіркелген. Тарихын алып қарасақ арқан тарту олимпиада ойындарында болған. Біздің стратегиялық мақсатта Олимпиада комитеті мен Туризм және спорт министрлігі бірігіп осы арқан тарту спортын Олимпиада ойындарына қосу. Бірақ ол 1 жылда бола қалады деп айтпаймыз. Соған қарамастан барлығына дайын болуымыз керек. Арқан тартысты әрі қарай дамытамыз,-деді Еркебұлан Ильясов.

Сондай-ақ, ақтық жарыстың жеңімпаздары анықталғаннан кейін ұлттық құрама жасақталады. Ұлттық құрама тек жеңген командадан құралмайды. Аймақтарда өткен іріктеу сынында жақсы өнер көрсетіп, көзге түскен спортшылар да шақырылады.

Бірінші мақсатымыз осы елімізде салауатты өмір салтын құру, екінші бұқаралық спортты дамыту, үшінші Көшпенділер ойынында ұлттық құраманы жасақтау. Осы жарыста 4 салмақ категориясы бойынша спортшылар өнер көрсетеді. Олар, ерлер 640,720 кг әйелдер 560 кг болады. Ал микс яғни 4 ер мен 4 әйел қатысады. Басшылық ұлттық құрманы жасақтау үшін елімізде іріктеу жарысын ұйымдастыруды ұйғарды. Осылайша 5 аймақта жарыс өтті. Барлығы 39 команда қатысты. Ақтық сайысқа 5 ерлер, 5 әйелдер командасы қатысады. Осының арасынан ұлттық құрама жасақталады,-деді "Арқан тартыс" федерациясының вице-президенті Нұрлан Жабаев.

Өзгелердің жаңалығы