Арнайы экономикалық аймақтарда 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

21 Шілде 2022, 15:47
1495
Бөлісу:
Арнайы экономикалық аймақтарда 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арнайы экономикалық аймақтар жұмысының тиімділігі инфрақұрылымның дайындығына байланысты. Бүгінде аталған аймақтарға инфрақұрылым жүргізу үшін 393,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов мәлімдеді.

Осы қаражат есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның базалық түрлері жүргізіліп, дайын өндірістік алаңдар салынды. Инфрақұрылымдық жұмыстардың аяқталуының орташа көрсеткіші 70% – ды құрайды, оның ішінде «Оңтүстік», «Инновациялық технологиялар паркі» және «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймақтарында толығымен аяқталған.

Ілияс Оспановтың айтуынша, жоғарыда айтылған түйткілді мәселені шешу үшін АЭА құрамынан инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген аумақты алып тастау ұсынылады. Бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген қаржыны үнемдеуге және құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға баса назар аударуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ қызметтің басым түрлеріне жатпайтын инвесторларға жер учаскесін беруді көздейтін аралс режимді енгізу ұсынылады. Алайда, олар инвестициялық преференцияларды қолданбайды.  

Арнайы экономикалық аймақтарда 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бұдан бөлек, өзекті мәселелердің бірі қызметтің басым түрлерін кеңейтудің ұзақ мерзімді рәсімдері болып табылады. "Кейбір әлеуетті инвесторлар АЭА-тың қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмеуіне байланысты АЭА-қа орналаса алмайды. Еліміздің заңнамасында қызмет түрлерін кеңейту мүмкіндігі белгілі бір жоба төңірегінде қарастырылады, оның өзі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Мұндай жағдайда бюрократиялық кідірістерге байланысты инвесторды жоғалту қаупі жоғары. Енді біз келісім алудың кейбір элементтерін алып тастау арқылы мерзімдерді қысқартуды ұсынамыз, - деді Ілияс Оспанов.

Жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы АЭА дамыту жөніндегі Жол картасына енгізілген. Өз кезегінде Жол картасы жаңа тәсілдерді іске асыру үшін басты стратегиялық құжатқа айналады.

Елімізде 13 АЭА жұмыс істейді. Отандық АЭА инвестициялық портфелі 315-ке жуық жобаны қамтиды. Өндіріс ошақтарында 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Қазіргі кезде қосымша 256 жоба іске асырылып жатыр. Жаңа кәсіпорындарда 24 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. 
 

Өзгелердің жаңалығы