Армения тарапы бейбітшілікті қолдайды - Арарат Мирзоян

10 Мамыр 2024, 16:12
248
Бөлісу:
Армения тарапы бейбітшілікті қолдайды - Арарат Мирзоян
Фото: автордан

Алматы қаласында Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртық істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөздер өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті. Кездесу барысында министрлер тараптар қарым-қатынасты тұрақтандыру мен екі жаққа жүктелген міндеттерді орындаудағы қадамдарды талқылады.

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Алматы қаласындағы кездесудің символдық сипатын атап өтті.

 Бүгінгі келіссөз Алматы қаласындағы тарихи ғимарат – Достық үйінде өтіп жатыр. Бұл жерде 1991 жылдың 8 желтоқсанында Алматы келісімі болған еді. Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңызды рөл атқарды. Алматы қаласындағы кездесу символдық сипатта өтіп жатыр. Бүгінгі келіссөзге келер болсақ, Армения тарапы бейбітшілікті қолдайды. Біз келіссөз процесіне өте сындарлы түрде қатысамыз. Сонымен қатар біз бейбітшілік келісіміне қол қоюмен шектелмеуіміз керек. Барлық көлік инфрақұрылымы олар өтетін елдердің егемендігінде қалатынын, тиісті елдердің заңнамасына сәйкес әрекет ететінін түсініп, көлік коммуникацияларының құлпын аша аламыз, - деді Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.

Өзгелердің жаңалығы