Армения мен Әзербайжан шекарасында оқ атылды

29 Шілде 2021, 06:18
1477
Бөлісу:
Армения мен Әзербайжан шекарасында оқ атылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения қарулы күштерінің бөлімдері Басаркечар аймағының Юхары Шорджа және Зеркенд ауылдарында орналасқан позициялардан Әзербайжан армиясы орналасқан аймаққа оқ жаудырды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылған. 

Хабарламаға сәйкес, қарсылас тарап та оқпен жауап берген. 

Министрліктің хабарлауынша, Әзербайжан армиясының жеке құрамы арасында шығын жоқ.




Өзгелердің жаңалығы