Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай шиеленісті

16 Қыркүйек 2022, 00:25
1023
Бөлісу:
Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай шиеленісті

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан 150 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында қос елдің Қорғаныс министрліктері хабарлайды. Бірнеше күн бұрын арадағы шекарада атыс болып, жағдай шиеленісіп кеткен еді. Тараптар бұл үшін бірін-бірі айыптап отыр. Кеше кешке екі жақ оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген. Ал өңірдегі жағдайды бағалау үшін Арменияға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы аттанды.

Өзгелердің жаңалығы