Армения мен Әзербайжан арасындағы бітім тағы да бұзылды

18 Қазан 2020, 14:53
1597
Бөлісу:
Армения мен Әзербайжан арасындағы бітім тағы да бұзылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения Әзербайжанды Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы 17 қазан күні күшіне енген жаңа бітімді бұзды деп айыптады. Ереванның сөзінше, бітім күшіне енгеннен санаулы сағат өткенде атыс қайта басталған.

Жау жегілікті уақыт бойынша 00:04 пен 02:45 аралығында солтүстік бағытта және 02:20 мен 02:45 аралығында оңтүстік бағытта артиллериялық шабуыл жасады, – деді Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян 18 қазан күні Twitter-парақшасында.

Әзербайжан тарабынан жауап әлі болмады.

Бір күн бұрын Армения мен Әзербайжан атысты тоқтату туралы жаңа бітім жасасқанын мәлімдеген. Мұндай мәлімдеме екі елдің Сыртқы істер министрлігі сайттарында 17 қазан күні жарияланды. Бітім түнгі 12:00 уақытында күшіне енген болатын.

Айта келейік, екі мемлекет бұған дейін де атысты тоқтату туралы жасаған бітімді бұзған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы