Армения депутаттары Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

19 Сәуір 2022, 03:17
1984
Бөлісу:
Армения депутаттары Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшілігінде елші Болат Иманбаевтың Арменияның Ұлттық жиналыс депутаттарымен, «Қазақстан-Армения» Парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесуі өтіп, екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚР СІМ мәліметінше, елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауының негізгі қағидалары туралы хабардар етті. Еліміздің ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясына бағытталған жолдарды іске асырудағы елеулі тәсілдерге ерекше назар аударылды. Армян парламентшілері ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша бастамаларын жоғары бағалап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұсынылған реформалардың өзектілігі мен маңыздылығына назар аударды. Депутаттар ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚР-да өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің маңыздылығын атап өтті.

Парламентаралық байланыстар мәселелерін талқылау кезінде тараптар екі мемлекеттің заң шығарушы органдарының екіжақты ынтымақтастығын нығайтудың, сондай-ақ парламенттік достық топтарының қызметін жандандырудың маңыздылығын атап өтті. ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. интеграциялық құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимыл атап өтілді. Тараптар 2022 жылғы парламентаралық бағыттағы халықаралық іс-шаралар мен екіжақты кездесулердің кестесін талқылады.

Қазақстандық-армян парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан - Армения » парламенттік достық тобының жетекшісі, АР Ұлттық Жиналысының депутаты В.Акобянға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі табысталды.

Өзгелердің жаңалығы