Армения билік пен әскерге қатысты сын айтуға тыйым салды

9 Қазан 2020, 11:47
1298
Бөлісу:
Армения билік пен әскерге қатысты сын айтуға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда елдің қауіпсіздігі мен қарулы күштеріне қатысты сын айтуға тыйым салынды. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазды. 

27 қыркүйекте Таулы Қарабақ қақтығысына байланысты енгізілген әскери жағдайды ел билігі, осылайша, қатаңдатты. Жаңа тәртіптің сақталуын полиция қадағалайтын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, елде мобилизация басталып, 55 жасқа дейінгі әскери мінедттілер әскер қатарына шақырылуда. Сондай-ақ әскерилер тұрғындардың көлік техникаларын соғыс қажеттілігіне жұмсауды ұйымдастыруда. 

Бұған дейін Армения территориялық бүтіндігіне қауіп төнген жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясындағы елдердің қолдауына ие болатыны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы