Әркімнің өз Абайы бар...

25 Сәуір 2025, 12:00
836
Бөлісу:
Әркімнің өз Абайы бар...
VIDEO
Фото: коллаж BAQ.KZ

"Мінбер" жобасының келесі шығарылымы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай мұрасының бала тәрбиесіндегі орны қандай? Абай әлемін мектеп оқушылары қалай оқып жүр? Әркімнің өз Абайы бар болса, Ұлы ақын бағдары сізге қаншалықты құнды? 

Күнделікті өмірде өзіңізден есеп алып жүрсіз бе? М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы көркем әдебиеттердің ішіндегі ең көп кейіпкері бар, жер-су аттары мен ру атаулары молынан берілген күрделі шығарма. Әлемге кеңінен тараған әйгілі роман-эпопеядағы кейіпкерлердің аты-жөндерін тек қана тізіп шығумен шектелмей, әр кейіпкердің туысқандық, достық, рулық байланысы, тарихи оқиғаларға қатысы, өзектес, сабақтастығын анықтау осы күнге дейін толық зерттелмеген тақырып. Бұл жинақ роман кейіпкерлерін зерттеу, көркем образдар мен тарихи тұлғалардың байланысын анықтау, көркем фильмдер мен сахналық қойылымдар үшін өте қолайлы, жүйелі әдістемелік тәсілге қолдануға бағыт береді. Бұл видеотүсірілім Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланып отыр. 

Абай туралы кеңірек білгіңіз келсе, BAQ.KZ сайтының YOUTUBE арнасынан қарап, пікіріңізді білдіріңіз. Ең жақсы пікірлерге 100 кітап сыйлыққа беріледі.

Өзгелердің жаңалығы