Арқалық полицейлері тұрғындардан 4 киік мүйізін тәркіледі

6 Тамыз 2021, 21:37
3693
Бөлісу:
Арқалық полицейлері тұрғындардан 4 киік мүйізін тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Арқалық полицейлері тұрғындардан төрт киік мүйізін тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz. 

Арқалық қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғынның өтініші бойынша жоғалған малды іздестірді. Түнгі сағат 03:00-ге жуық тәртіп сақшылары далада мотоциклмен Екідің ауылына бағыт алған екі ер адамды көрді. Ауылға кіріп, аулалардың бірінің жанында полиция қызметкерлері мотоциклді байқады. Үйге іргелес аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері жолдорбаның ішінен жануардың төрт мүйізін (киік мүйізі), сондай-ақ «Байкал» маркалы мылтықты және патрондарды тапты және тәркіледі. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. 

Жыл басынан бері Қостанай полицейлері 100-ден астам киік мүйізін тәркіледі, барлық факті бойынша қылмыстық істер тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы