Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиада ойындарында Арина Крюкова биатлоннан 7,5 шақырым қашықтықтағы спринт сайысынан үшінші келді.
Ол ел құрамасы қоржынына оныншы медальді салды.
Бұған дейін әйелдер арасындағы бәсекеден 2017 жылы Алматы төрінде өткен қысқы Универсиадада Галина Вишневская мен Алина Райкова чемпион атанған болатын.
Сондай-ақ, бүгін қазақстандық спортшылар арасынан биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов оқ атудан мүлт кетпей, мәре сызығын бірінші болып 23:34.1 минутта қиып өтті. Осылайша Универсиада чемпионы атанды.
Еске салсақ, 18 қаңтарға дейін қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде екі алтын, төрт күміс, екі қоламен екінші орында тұрған ді. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.
Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) қола медаль алды.