«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтеді

19 Қыркүйек 2024, 17:43
418
Бөлісу:
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-і «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы негізінде 20 қыркүйектеі «Ашық есік күнін» өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылығы, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері, Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің, мектеп-лицейлердің оқушылары мен Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Халықаралық университеті және Астана Халықаралық университетінің студенттері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Іс шараның мақсаты - тұғырлы тұлғалар мен қазақ халқының төл тарихына қатысты құнды құжаттарды ұрпақтар санасында жаңғырту, сондай-ақ еліміздің тарихы мен мәдениетін білуге ынталандыру арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Ашық есік күнінде Руна және көне түркі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі жазба мұраларының тарихымен және қолжазбаларды реставрациялау, сканер технологиясын қолдану арқылы құнды құжаттарды цифрлау, жұмыстарымен таныстыру, әдеби викториналар мен интелектуалды ойындар өтеді.

Өткен жылғы іс-шара аясында ҚР Ұлттық архивіне 700-ден астам оқушы келіп қатысып, архивтің жұмысымен танысып, саяси қуғын-сүргін, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, жастар қозғалысының тарихы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы еліміздің тарихынан мол мағлұмат алып шықты.

Өзгелердің жаңалығы