Архив саласы мамандарының жалақысы 100 пайызға көтеріледі

14 Тамыз 2023, 12:12
853
Бөлісу:
Архив саласы мамандарының жалақысы 100 пайызға көтеріледі
Фото: автордан

Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев AMANAT партиясында өткен брифингте архив саласы мамандарының жалақысын 100 пайызға өсіру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырымдама аясында нақты жұмыс атқарып жатырмыз. Мәдениет ошақтары, соның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-лардың жалақысын көтерді. Сонымен бірге мәдениет саласында ұлттық мәртебеге ие университеттердің жалақылары 3,5 коэффициентке дейін көтерілді. 2023-2025 жылдар аралығында архив саласы мамандарының жалақысын 100 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Архив пен кітапхананы бөлуге болмайды, сол себепті қазір осы мәселе бойынша жұмыс атқарылып жатыр, - деп айтты вице-министр.

Арман Жүдебаев қазіргі күні өзекті мәселе қаржыға келіп тірелетінін айтты.

Вице-министр кітапханашылардың мәселесін шешу үшін Мәдениет министрлігі тиісті ведомстволармен бірлесе жұмыс пысықталып жатқанын жеткізді. 

Осыған дейін мектеп кітапханашысы қанша айлық алатыны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы