Аргентинада қар жауды

9 Шілде 2024, 20:46
289
Бөлісу:
Аргентинада қар жауды

Аргентинаның Патагония аймағында қалың қар жауып, шаруалар зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Фермерлер ақ ұлпаның мол түсуінен жайылым жерге жете алмай, мал қырылып жатыр. Жергілікті билік шаруаларды азық-түлік және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етуді тапсырды. 

Қазір құтқарушы топ өңірдегі жолдарды аршып, тұрғындарға көмектесіп жатыр. Қатты зардап шеккен аудандарға алдымен жем-шөп жеткізіле бастады. Үкімет қырылған мал басын есептеп, шаруаларға субсидия берілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы