Аргентинада COVID-тен кейін алғаш рет «қара зең» тіркелді

20 Маусым 2021, 07:45
2223
Бөлісу:
Аргентинада COVID-тен кейін алғаш рет «қара зең» тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентинада «қара зең» деп аталған алғашқы мукормикоз ауруы ресми түрде коронавирустан кейін тіркелді, деп хабарлады RT елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық денсаулықты қадағалау жүйесі Формоза провинциясынан коронавируспен ауырған науқастан мукормикоз анықталғаны туралы алғашқы хабарлама алды, – делінген Аргентина денсаулық сақтау министрлігінің есебінде.

Ол 47 жастағы әйел адам, артериялық гипертензия, қант диабеті және коронавируспен ауырған.

Бұған қоса, Буэнос-Айрес провинциясында адамның COVID-19-дан қайтыс болған адамның мукормикозбен ауырған-ауырмағандығы да тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы