Аргентина карантиндік шектеулерді ақпан айының соңына дейін ұзартты

31 Қаңтар 2021, 11:50
1473
Бөлісу:
Аргентина карантиндік шектеулерді ақпан айының соңына дейін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы, республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1,9 миллионнан астам жағдайы тіркелген.

Аргентина үкіметі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген міндетті әлеуметтік қашықтық режимін 28 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Тиісті жарлық сенбіде Аргентина Республикасының ресми бюллетенінде жарияланды, деп жазады tass.ru.

Міндетті алдын-алу әлеуметтік қашықтық режимі 1 ақпаннан 28 ақпанға дейін жалғасады, - делінген құжатта.

Карантиндік шектеулердің бұған дейінгі ұзартылуы 31 қаңтарда аяқталды.

Аргентинадағы әлеуметтік қашықтық режимі аясында жабық мекемелерде 20-дан астамның және ашық аспан астында ұйымдастырылған жиналыстарға 100-ден астам адамның жиналуына, сондай-ақ кинотеатрлар, театрлар мен түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынған.
 
Аргентина аумағында Карантин өткен жылдың 20 наурызында енгізілді, уақыт өте келе шектеулер жеңілдетілді. Қазіргі уақытта елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1,9 миллионнан астам жағдайы анықталды, 47,7 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы