Қарағандылық еріктілер марапатталды

12 Маусым 2020, 20:08
1552
Бөлісу:
Қарағандылық еріктілер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыс еріктілеріне Елбасы атынан алғыс хаттар тапсырды.

Көмекке зәру адамдарға риясыз жәрдем көрсететін азаматтары бар қоғам – әрқашан алға жылжиды деп айтып жатамыз. Бұл ретте мұндай адамдарды қолдап, олардың халық алдындағы беделін арттыру маңызды іс. Сондықтан да осы жыл мемлекет басшысының бастамасымен өзара көмек пен қайырымдылықты паш ететін волонтерлық бағытты дамытуға арналып отыр - деді облыс басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек облыс еріктілерінің атқарған жұмысын да атап өтті.

Біздің облыс алғашқылардың бірі болып Nur Otan партияcының төрағасы, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған #Bizbirgemiz қайырымдылық республикалық акциясын бастады. Қарағанды облысы бойынша 19 наурыздан бастап, қазіргі уақытқа дейін 200 млн теңгеден астам сомаға 14,5 мың отбасына көмек көрсетілді - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы