Қарағандыда "Стартап мектебі" курсы өтеді

26 Қараша 2019, 08:57
2201
Бөлісу:
Қарағандыда "Стартап мектебі" курсы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда IT-технологиялар саласында стартаптар ашу және дамыту бойынша тегін курстар өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жас кәсіпкерлерге Astana Hub сарапшысы Айвар Құрманов дәріс оқиды.Startup Sapary бағдарламасы аясында Қарағандыда Astana Hub мамандары IT саласындағы идеялары бар барлық жас кәсіпкер үшін "Стартап мектебі" атты тегін курс өткізуде.

Дәріс, семинарларымен жоба мүшелері Петропавл, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Орал, Қостанай, Тараз және Көкшетау қалаларында болып қайтты. Жалпы технопарк командасы 17 облыс орталығына баруды жоспарлап отыр. Мамандар стартаптың классикалық бизнестен айырмашылығы туралы айтып, сандық технологиялар әлемінде олардың артықшылықтары мен қазіргі заманғы трендтерін талқылайды.

Қатысушыларға ІТ-стартаптардың,  Astana Hub халықаралық технопаркінің қызметі, мүмкіндіктері және оның табысты жобалары туралы баяндалады.
Қазір біз өңірлердегі стартап мәдениетті дамытудағы алғашқы қадамымызды бастаймыз. Біз әрбір өңірлік хабты қолдап, олармен тығыз ынтымақтастықта боламыз. Astana Hub тәжірибе алмасуға дайын және әдістеме мен білім беру бағдарламаларын өңірлерге тарату жұмыстарын жүргізетін болады, - деді Astana Hub Сommunity және өңірлік даму департаментінің директоры Азат Әлиасқар.
Қарағандыда курс екі күнге созылады, 25 және 26 қарашада өтеді. Барлық қатысушыға сертификат табыс етіледі. Бұдан әрі технопарк командасы Өскемен және Павлодар қалаларында дәріс оқиды.


 

Өзгелердің жаңалығы