Қарағандыда мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ-ның әріптестігі талқыланды

14 Наурыз 2020, 07:28
1308
Бөлісу:
Қарағандыда мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ-ның әріптестігі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы мен әріптестігін талқылады.

Өңірде 1300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Қазір ҮЕҰ облыстың әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық салаларын, құқық қорғау және экологиялық мәселелерді қамтиды. Біздің ұйымдар мемлекеттік және жеке құрылымдарға кез келген қызмет көрсете алады, - дейді "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті Г. Құрбанбаева.


ҮЕҰ өкілдері әкімге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз қызметі туралы да баяндаған.

Менің ойымша, ҮЕҰ жұмысы - бұл ең алдымен миссия. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, осындай кездесулерді көп өткізуіміз керек, сол кезде нәтиже болады, - деп атап өтті "Жас Ұлан" БЖҰ" ҚБ басшысы М. Әбдірахманова.

"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ филиалының жетекшісі Меруерт Башай этникалық қазақтарға азаматтық пен құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету мәселесіне қатысушылардың назарын аударды.

Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және ҮЕҰ дамуы үшін жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Бүгін біз сіздермен маңызды мәселелерді талқыладық. Біз сіздерді қолдауға және қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Біздің ортақ міндетіміз - азаматтарымыздың өмірін жақсарту, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.


Өңір басшысы ҮЕҰ-ның әрбір жетекшісімен кездесуге және айтылған мәселелерді шешу жұмыстарын тиісті мамандарға тапсырды.



Өзгелердің жаңалығы