Қарағандыда өрттен үш кісі көз жұмды

7 Қазан 2020, 20:52
1325
Бөлісу:
Қарағандыда өрттен үш кісі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда орын алған өрт салдарынан екі әйел мен кішкентай бала көз жұмды.

Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл орны толмас қаза. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Өрт туралы ақпарат келіп түскен соң өрт сөндірушілер 8 минуттан кейін оқиға орнына келді. 6 адам құтқарылып, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың ішінде 10 бала бар. Өрт орын алған жерде   ТЖД-нің 32 қызметкері, 8 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмыс атқарды, – дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды.

Әсіресе, қазіргідей балаларымыз үнемі үй жағдайында болған кезеңде, электр аспаптары мен пештерді мүмкіндігінше қауіпсіз пайдалану керек. Барлық жауапты органдарға желілер мен қоғамдық орындарды қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тағы да тексеру жүргізуді тапсырамын. Қыс маусымында өрт қауіпі артатыны белгілі. Сондай-ақ, ата-аналарды мүмкіндігінше балаларын үйде жалғыз тастамауға шақырамын. Бұл күрделі кезеңде орынсыз адам шығындарына жол бермеу аса маңызды, – деп жазды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы