Қарағанды облысында өзендегі мұзды жару жұмыстары жүргізілді

18 Наурыз 2019, 20:49
2207
Бөлісу:
Қарағанды облысында өзендегі мұзды жару жұмыстары жүргізілді

Астана, BAQ.KZ. Көктемгі су тасқынынан елді мекендерді қорғау мақсатында, Қарқаралы ауданының Жарлы және Ежебай өзендерінің қауіпті аумағында мұзды жару жұмыстары жүргізілді.

Жару жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қарқаралы ауданының ТЖБ және жедел-құтқару жасағы қызметкерлері, сонымен қатар аудандық жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды. Оған 27 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. 

Жұмыс барысында жалпы 500 келіден астам жарылғыш зат қолданылды. Мұзды жару аумағы 900 метрді құрады.

Берілген жұмыстар көрсетілген елді мекендердің су басуын болдырмауды және өзен ағысының бөгелмей өтуін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы