Әр дауыс ел тағдырын шешеді – Қордай ауданының ардагері

10 Қаңтар 2021, 19:48
2759
Бөлісу:
Әр дауыс ел тағдырын шешеді – Қордай ауданының ардагері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Қордай ауданында 19 ауылдық округ, 41 елді мекен бар десек. Онда барлығы 89,2 мың сайлаушы тұрады. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, ауданда қажетті ұйымдастыру техникасымен, телефон байланысы және интернетпен қамтылған 54 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Сайлау күні Масанчи және Қаракемер ауылдарының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Айталық, Масанчи ауылының төрт сайлау учаскесінде таңертеңнен бастап жұмыс қыза түскен, тұрғындар сайлауға асығуда. Аталған елді мекенде барлығы тоғыз мыңға жуық сайлаушы бар десек, түскі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Масанчи тұрғындарының 68,8 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Әр дауыс ел тағдырын шешеді – Қордай ауданының ардагері

Алғашқылардың бірі болып Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің ардагері Лоу Исхар өз таңдауын жасады.

Біздің әрбіріміз «менің дауысым ел тағдырын шешеді, сол үшін бұл маңызды» деген ойға табан тіреуіміз керек. Біз өз таңдауымызды жасауға еркіміз бар, дауыс беру әділ әрі ашық өтуде, - деп санайды Лоу Исхар.

№222 сайлау учаскесінің байқаушысы Муса Лочь дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Белсенділік айтарлықтай жоғары, адамдар ел тағдыры олардың таңдауына байланысты екенін түсінеді.

Қаракемер ауылының тұрғыны Ерғазы Босшаев әрбір қазақстандық белсенді азаматтық ұстанымға ие бола отырып, оны сайлау барысында да көрсетуі керек екенін атап өтті.

Әр дауыс ел тағдырын шешеді – Қордай ауданының ардагері

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қордай ауданында сайлаушылардың келуі шамамен 65 пайызды құрады.

Айта кету керек, 2020 жылы ұлтаралық келісімді нығайту және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында облыста Бейбітшілік және келісім пилоттық жобасы іске қосылды. Оның аясында тек бір ғана Қордай ауданында 15 мыңнан астам адамды қамтыған 618 іс-шара ұйымдастырылды.

Әр дауыс ел тағдырын шешеді – Қордай ауданының ардагері

Арнайы құрылған мобильді топтар бес бағыт бойынша жұмыс жүргізді. 519 азаматқа консультациялық-құқықтық көмек көрсетіліп, 386 тұрғынның мәселесі шешімін тапты, 23 азаматқа бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін 12 миллионнан астам теңге бөлінді. Ұйымдастырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 164 жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 44 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 10 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар өткізіліп, оған 924 адам қатысса, оның 917-сі өзге этнос өкілі.

Өзгелердің жаңалығы