Қарқаралыда "Бәйтерек" және "Сарыарқа ұшқыштары" кешендері жаңартылды

20 Шілде 2020, 23:35
1602
Бөлісу:
Қарқаралыда "Бәйтерек" және "Сарыарқа ұшқыштары" кешендері жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһардағы "Бәйтерек" және "Сарыарқа ұшқыштары" кешендеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаз дауысты Қазыбек бидің суреті ілінген фотошежірені жалғастырған батырлар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, өнер саласы майталмандарының келбеті бейнеленген орын – Қарқаралының төлқұжаты іспеттес. Келген қонақтар алдымен осы "Бәйтерек" алаңына келіп, киелі өлкеден қанаттанған перзенттер туралы мәліметтер алады.

Бүгінде аталмыш орынға сырлау, тас төсеу жұмыстарымен қатар жарық шамдары орнатылып, орындықтар қойылды. Фотосуреттері де жаңартылды.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне ашылған "Сарыарқа ұшқыштары" кешенінде де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, фотосуреттер ауыстырылып, көгалдандырылды.



Өзгелердің жаңалығы