Ақтөбедегі жол апаты: Зардап шеккендердің бесеуі – жан сақтау бөлімінде

18 Желтоқсан 2022, 13:05
908
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты: Зардап шеккендердің бесеуі – жан сақтау бөлімінде

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Телеграм каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәл қазіргі уақыттағы балалардың жағдайы туралы хабарлауды жөн көрдім. Зардап шеккендердің бесеуі – жан сақтау бөлімінде. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда. 

Үш баланың халі орташа, олар хирургиялық бөлім палатасында ем алады. 

Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетілуде, бақылауға алынған. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 

Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді, - деп жазды облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы