Ақтөбедегі жол апаты: Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

18 Желтоқсан 2022, 09:21
912
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты: Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде оқушылар мінген көліктің жол апатына ұшырауының себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырағанын мәлімдеген болатынбыз.

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев осы оқиға облыс әкімінің қатаң бақылауында екенін айтты.

Достар, бүгін Ақтөбе облысында болған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деп жазды Байтанаев Facebook парақшасында.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында.

Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі, - деп айтты Облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Өзгелердің жаңалығы