Ақтөбеде Жаңа жыл түні полицияға 157 қоңырау түсті

2 Қаңтар 2025, 09:42
122
Бөлісу:
Ақтөбеде Жаңа жыл түні полицияға 157 қоңырау түсті

Ақтөбеде түн бірқалыпты өтті. Полиция 4 мас жүргізушіні ұстады.

Ақтөбе облысында полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен дәрігерлер жұмысты күшейтті. Полиция түннің тыныш өткенін хабарлады.

Ақтөбеде Жаңа жылда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 600-ден астам полицей мен Ұлттық гвардияның 400-ге жуық қызметкері тәртіпті қамтамасыз етті. Осы кезеңде 102 пультіне 157 қоңырау келіп түсті және патрульдік полиция қызметкерлері төрт мас жүргізушіні анықтады. Олардың біреуі бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Осы оқиғаларға қарамастан түнде ауыр қылмыс тіркелмеді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, полицияға қоңырау шалғандар түн тыныштығын бұзды деп шағым айтқан. Сонымен отбасылық жанжалдар болды.

Өзгелердің жаңалығы