Ақтөбеде скутер тізгіндеген 17 жастағы жігіт жол апатынан қаза болды

29 Маусым 2023, 17:20
821
Бөлісу:
Ақтөбеде скутер тізгіндеген 17 жастағы жігіт жол апатынан қаза болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

28 маусым Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысты. 

Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды.  Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы