Ақтөбеде шетелдік студенттерді тонаған 28 жастағы тұрғын қолға түсті.
Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері шетелдік студенттен ақша бопсалау фактілері туралы жедел ақпарат алған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтап, арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген. Бір күні компанияда кафедегі есепшотты төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің біріне қорқыту арқылы ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген.Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау жолымен шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңге ақшасын иемденген, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді
Павлодарда студенттер қатарластарына "салық" салған
200 мыңнан басталған бопсалау 400 мыңға жетті: Күдікті ақша алып жатқан сәтте ұсталды