Ақтөбеде әуежай жолында "бәйге" ұйымдастырған "шумахерлер" жазаланды

Әуежайға апарар жолдағы қауіпті жарыс: жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:34
Бүгiн 2026, 09:34
153
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде әуежай жолында көлікпен жарыс ұйымдастырған "шумахерлер" жазаланды.

Патрульдік полиция қызметкерлері Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға апаратын автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады.

Бейнебақылау камералары күндізгі уақытта BMW және Chevrolet автокөліктерінің жоғары жылдамдықпен қозғалып, қауіпті маневрлер жасап, іс жүзінде көше жарысын ұйымдастырғанын тіркеді. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті жолдағы мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және оның ауыр салдары бар екенін ескертеді. Қауіпсіздікке қатер төндіретін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталып, заңнама аясында қатаң түрде жолы кесілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында 50 рет ереже бұзған шетелдік жүргізуші анықталды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Жамбылдық жүргізушінің «қашу операциясы» сәтсіз аяқталды

Қостанайда «ашулы» жолаушы жауапқа тартылды

Айыппұлын төлемеген автокөліктер айып тұрағына жеткізілді

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх