Жамбыл облысында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашып кетуге әрекет жасаған.
Жүргізушінің күмәнді әрекеттеріне байланысты медициналық куәландыру жүргізіліп, оның орта дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.
Тексеру барысында анықталғандай, аталған азамат бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. 2024 жылы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Соған қарамастан, ер адам қайтадан мас күйде көлік басқарған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарғаны үшін 291 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда автобустың есігін сындырған «ашулы» жолаушыға айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда адамдарға пышақпен ұмтылған ер адам ұсталды
Травмпункттегі текетірес: Екібастұзда дәрігер мен медбикені ұрған 3 күдікті анықталды
Спиртке су құйған: Семейде танымал брендтерді қолдан жасаған жасырын цех жойылды