Айыппұлын төлемеген автокөліктер айып тұрағына жеткізілді

Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, салынған айыппұлдарды уақытында төлемеген жүргізушілер анықталуда.

 ©BAQ.KZ/Аида Батухан Бүгiн 2026, 14:49
Бүгiн 2026, 14:49
192
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Астанада өтіп жатқан «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында BAQ.KZ тілшісі полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шықты.

Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, салынған айыппұлдарды уақытында төлемеген жүргізушілер анықталды.

Шараның басты  мақсаты – берешегі бар азаматтарды анықтау, айыппұлдардың өндірілуін қамтамасыз ету және қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.

Кейбір жағдайларда берешек көлемі бірнеше жүз мың теңгеге дейін жеткен.Мәселен, тексеру кезінде 500 мың теңгеден астам айыппұл қарызы бар «Toyota Camry» автокөлігі анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды. Бұл – жүргізушілер арасында айыппұлды елемеу фактілері әлі де өзекті екенін көрсетеді. 

Жалпы іс-шара аясында жалпы 7 мыңға жуық әкімшілік айыппұл өндіріліп, 5500-ден астам азаматқа берешегі бар екені туралы хабарлама жолданған. Сонымен қатар, борышкерлерге қатысты заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх