Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17 Сәуір 2025, 20:04
891
Бөлісу:
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында зағиптар қоғамы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған "Снайпер" қойылымы сахналанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Снайпер" қойылымы - қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің алғашқы бірлескен жұмысы. Біз осы қойылым арқылы батыр қыздың ерлігін, қайсарлығын және адамгершілік қасиеттерін жастарға өнеге етіп, оның жарқын бейнесін еске алуды жөн көрдік. Қойылымның форматы ерекше болды. Көріністе соғыс сахналары мюзикл нұсқада қойылды. Бұл тәжірибе - біздің алғашқы бастамамыз. Ең басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі жандардың бойындағы өнерді шыңдау, қолдау көрсету. Қойылымға 6 өнерпаз қатысты. Олар өздерінің алғашқы дебюттерін сәтті орындады. Алдағы уақытта тағы да осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарда бар, - деді әдіскер Ерболат Есенбекұлы.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Қойылым өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырды. Әлия рөлін сомдаған Жарқын Бақберген көрермен жүрегін жаулап, олардың ыстық ықыласына бөленді. Кейбірі көзіне жас алып, өнерпаздарға алғыс білдірді.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды
Өзгелердің жаңалығы