Ақтөбе тұрғынына бір мезгілде екі күрделі лапароскопиялық операция жасалды

11 Маусым 2023, 20:45
1185
Бөлісу:
Ақтөбе тұрғынына бір мезгілде екі күрделі лапароскопиялық операция жасалды
Фото: gov.kz

Бір мезгілде екі хирургиялық араласу жүргізілген техникалық жағынан күрделі симультандық лапараскопиялық операция 37 жастағы Ақтөбе тұрғынының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тамақ ішкеннен кейін 3-4 сағаттан соң пайда болатын эпигастралдық аумақтағы ауырсыну, күйдіргі, қышқыл кекіру, іш қату, әлсіздік туралы шағымдармен әйел М.Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығына жүгінді. Жағдайының нашарлауы соңғы екі айда байқалды.

Фиброгастродуоденоскопияны жүргізу кезінде ұлтабар буылтығының саңылауында ойық жарадан кейінгі тыртық декомпенсацияланған тарылу, пилорус деңгейіндегі жара, ІІ дәрежелі кардиалық қысқыштың жеткіліксіздігі, асқынудан тыс созылмалы атрофиялық гастрит, диафрагма саңылауының аксиалдық жарығы анықталды.

Осылайша, біріккен патология анықталды:бастан өткерген  ойық жара ауруы аясында ойық жара ақауының орнында ұлтабардың тыртықты тарылуы пайда болған.  Процесс ұзақ уақытқа созылған. Сонымен қатар, қосалқы патология диафрагманың өңештік тесігі жарығының болуы болды.

Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы пациенттің жағдайын жақсарту үшін хирургиялық емдеу болды.

Хирург  дәрігер, м.ғ. к. А. Е. Ерғалиев бастаған М. Оспанов атындағы БҚМУ МО операциялық бригадасы бір мезгілдік техникалық жағынан күрделі симультандық операция жасады: Ниссен бойынша лапароскопиялық фундопликация және гастроеюанастомозды сала отырып, Билрот-2 бойынша асқазанның лапароскопиялық резекциясы.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті, пациент үйге шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы