Ақтөбе облысында тағы бір қайғылы жол апаты болды

8 Қыркүйек 2022, 18:04
1197
Бөлісу:
Ақтөбе облысында тағы бір қайғылы жол апаты болды

Ақтөбе облысында жол апаты болды, деп хабарлады BAQ.KZ.
 

8 қыркүйек күні сағат 07:30 шамасында ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық ауылы жағынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Nissan Teana автокөлігімен соқтығысқан.
 
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Кейін Nissan Teana автокөлігінің жолаушысы қайтыс болғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы