Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Жолды 27 қараша күні таңғы сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

 pixabay 26 Қараша 2026, 21:21
26 Қараша 2026, 21:21
105
Фото: pixabay
 
Ақтөбе облысында ауа райына байланысты республикалық трассаның бір бөлігі жабылды.

26 қараша сағат 20:00-ден бастап «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Атап айтқанда, жолдың 776–965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ кентінің арасы) жабылады.

«ҚазАвтоЖол» ақпаратынша, ауа райының бұзылуына байланысты аталған бағытта жүк көліктеріне, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге және қысқы дөңгелекке ауыспаған жеңіл автокөліктерге жүруге тыйым салынды.

Жолды 27 қараша күні таңғы сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Тасжолдардағы ахуал туралы тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана мен ақмолалық жүргізушілерге маңызды ескерту жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Наверх