Ақтөбе облысы Қобда ауданында 150 үй салынады

18 Мамыр 2024, 02:11
608
Бөлісу:
Ақтөбе облысы Қобда ауданында 150 үй салынады
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапары барысында Қобда ауданына қарасты Қобда және Жарық ауылдарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Қазір Қобдада су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін 97 үй салынуда. Құрылыс жұмыстарына 15 компаниясы жауапты.

Асхат Шахаров құрылыс барысымен танысып, мердігер ұйым басшыларымен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Ауыл тұрғындары жаңа үйлерді күтуде, олар жаздың ортасына дейін аяқталуға тиіс. Жарықта облыс әкімі халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Жарық ауылында 335 адам тұрады. 93 үйдің 25-ін еріген қар суы басқан, оның 24-і тұруға қауіпті деп танылды. Оның есесіне тұрғындарға жаңа үйлер салынады. Судан зардап шеккен тағы бір үй жөнделмек. Алдағы күндері құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Өзгелердің жаңалығы