Ақтөбе облыстық ПД-да әйелдер арасында турнир өтті

6 Наурыз 2024, 14:30
299
Бөлісу:
Ақтөбе облыстық ПД-да әйелдер арасында турнир өтті
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының құқық қорғау органдарының өкілдері волейболдан турнир жеңімпазын анықтау үшін спорттық алаңда жиналды. Бұл сайыс көктемгі мерекеге орайластырылып өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сайыстың басты кубогы мен чемпиондық атаққа нәзік жандылардан құралған 14 команда таласты. Шараның ашылу салтанатына полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов қатысты. 

Департамент басшысы волейболшыларға арнаған сөзінде спорт адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді тәрбиелейтінін, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін дене шынықтыру табысты қызметтің кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ сүйкімді ханымдарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

Полициядағы барлық әйел қызметкер мен ардагерлерлерімізді шуақты 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға барлық жақсылықты тілеймін. Айта кету керек, сіздер қандай ауыр немесе қауіпті мамандықты таңдасаңыздар да, әрқашан бәрін өздеріңізге тән нәзіктікпен, шынайылықпен және әдемі жасайсыздар, – деді Абай Жусупов. 

Турнирдің ашылу салтанатынан кейін қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген әйел-қызметкерлер Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен және төсбелгілермен марапатталды. Сондай-ақ мерекеге орай 500-ден астам әйел қызметкер департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. 

Департамент бастығы қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған қызметкерлерлердің әйелдеріне және ардагерлерге ықылас гүлдерін табыстады. Марапаттау рәсімі мерекелік концертке жалғасып, турнирге ұласты. Ойын нәтижесі бойынша үшінші орынға Ақтөбе заң институтының және ҚАЖД командалары таласты. 

Жоғары спорттық шеберлік көрсете отырып, табанды күресте ҚАЖД командасы сенімді жеңіске жетті. Жеңімпаздар кубогы үшін ойын аса шиеленісті және әсерлі болды. Жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы білім бөлімінің командасы сенімді жеңіске жетті, ал облыстық полиция департаментінің командасы екінші орынды иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы