Ақтауда жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті

25 Желтоқсан 2022, 16:33
830
Бөлісу:
Ақтауда жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті

Ақтауда 25 желтоқсанға қараған түні Ботаникалық бақ пен 11 А ықшам аудан арасында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жапа шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі үйіне босатылды. 

Аймақтық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, аударылған көлік бағанаға соғылған. Жол уақытша жабылды.

Өзгелердің жаңалығы