Ақтауда теңіз жағасында егеуқұйрық қаптап кетті

2 Қазан 2023, 10:36
1183
Бөлісу:
Ақтауда теңіз жағасында егеуқұйрық қаптап кетті

Мамандар бұл жағдайға тұрғындарды кінәлайды. Айтуларынша, егеуқұйрықтар жағалаудағы тамақ қалдықтарымен қоректеніп, тез көбейіп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Әрі, қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жер қазу кезінде кеміргіштер топырақ бетіне шығып, шағын аудандарға таралған болуы мүмкін дейді. Эпидемиологтардың мәліметінше, егеуқұйрықтарға қарсы улау жұмыстары соңғы рет 2013 жылы жүргізілген. 

Егер қала билігі қаржы бөлсе, мамандар іске кірісуге дайын отыр. 

Қаланы ұсақ және ірі жәндіктерден улайтын уақыт келді. Жалпы, мұндай шаралар жыл сайын атқарылуы тиіс. Бірақ, менің білуімше оған 10 жылдан бері ешкім бас ауыртпаған секілді. Егеуқұйрықтар тез көбейеді, сондай-ақ олар түрлі ауруларды тасымалдайды, - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова.

Шағын аудандар ішінде тұрғын үйлердің жертөлесінде қызмет көрсетуші мекемелер жасайды. 

Олар зиянкестерді жылына 2 рет улайды. Ал қала аумағында, теңіз жағасында мұндай бұрын болмаған. Осы жылы шығып жатыр. Қазір коммерциялық ұсыныстар мен бағаларын анықтайық. Ол жағажайда ғана емес, ғимараттарда жасалуы керек деп есептейміз. Себебі, сыртта уланғанмен олар жертөлеге кірулері мүмкін, - деді қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі Бақтияр Мақсатов.

Өзгелердің жаңалығы