Ақтауда қаржы пирамидасын құруға қатысты күдікті ұсталды

3 Наурыз 2022, 17:48
1595
Бөлісу:
Ақтауда қаржы пирамидасын құруға қатысты күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда қаржы пирамидасын құруға қатысы бар әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазды Хабар24.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, тұрғындар «World Business Consulting» компаниясына жарна төлеп келген. Өз кезегінде, ұйым басшысы жаңа салымшылардың ақшасы есебінен қомақты сыйақы беруге уәде беріпті. 

Осылайша, адамдардың сеніміне кіру арқылы 2018 жылдан бері заңсыз жолмен табыс тапқаны белгілі болды. Құзырлы орган қызметкерлері компания директорын ұстады. Күдіктінің арбауына түскен басқа да азаматтар іздестіріліп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы