Ақтауда қала маңында таксисті өлтіріп кеткен

23 Мамыр 2024, 15:35
1440
Бөлісу:
Ақтауда қала маңында таксисті өлтіріп кеткен
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары "Адай" базасының аумағында таксисті жолаушы өлтіріп кетті деп ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz порталы таксист пен жолаушы арасында жанжал туындағанын атап өтті. Салдарынан жолаушы таксисті өлтірген. Бұл ретте жолаушы да пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген көрінеді.

Көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 22 мамырда стационарға ішінен пышақ жарақатын алған науқас түскен. 

Кеше сағат 22.20-да 1979 жылғы пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, - делінген хабарламада.

Полиция департаментіндегілер бұл ақпаратты растап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы