Ақтауда әйелдер қауымы 8 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүреді

5 Наурыз 2024, 03:34
321
Бөлісу:
Ақтауда әйелдер қауымы 8 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүреді
Фото: архив

Ақтаулық әйелдер Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады. Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді, - деп хабарлады әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы