Ақтау қаласында заңсыз құмар ойын орыны тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында заңсыз жұмыс істеген құмар ойындар ұйымдастырылған орын анықталып, қызметі тоқтатылды.
2026 жылы сәуір мен қазан айлары аралығында бір топ адам арнайы жабдықталған үй-жайда ойын терминалдарын пайдаланып, ақшалай бәс тігулерді қабылдау және құмар ойындарын өткізу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз ойын қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды. Тергеу әрекеттері барысында ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындыларына сәйкес, ақшалай бәс тігулердің жалпы сомасы 63 млн теңгеден асқан. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды, деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салып, азаматтарды заңсыз ойын мекемелерінің қызметіне қатысудан аулақ болуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жазаланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақмола тұрғыны Instagram-дағы онлайн-ойындар үшін 4 жылға сотталды
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
Заңсыз табыс: Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырған
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған қызметкер лауазымынан айырылды