Заңсыз табыс: Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырған

Астана тұрғынынан 9,9 млн теңге өндірілді.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 15:00
Бүгiн 2026, 15:00
195
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырып, заңсыз табыс тапқан.
 
Тұрғын лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған. Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн казино жұмыс істеген.

Азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша қаражатын аударып отырған. Заңсыз қызмет нәтижесінде ол ірі көлемде заңсыз табыс тапқан. Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісі негізінде жазадан босатқан. Алайда сот заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесін шешпеген. Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актісі өзгертілді. Сотталғаннан мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді, - деп хабарлады Бас прокуратура. 

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында құмар ойын ойнаған қызметкер лауазымынан айырылды.

Тағы оқи отырыңыздар:

TikTok пен YouTube эфирі: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі шымкенттік 93 миллион теңге табыс тапқан

Шымкентте айналымы 557 млн теңгелік заңсыз онлайн-казинолардың жолы кесілді

Қазақстанда 1,8 млн адам тұрақты түрде құмар ойын ойнайды

Наверх