Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

23 Қараша 2026, 12:16
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 23 Қараша 2026, 12:16
23 Қараша 2026, 12:16
94
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды.

Қазақстанда алғаш рет стратегиялық сипаттағы құжаттарды әзірлеу процесі барынша ашық жүргізілмек. Сонымен қатар Президент жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы алғаш рет жарияланды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы:

Қарин Ерлан Тынымбайұлы

–

Қазақстан Республикасының

Вице-Президенті, жетекші

 

Балаева Аида Ғалымқызы

–

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары

 

Ерғалиев Әсет Арманұлы

 

 

–

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары

 

Шаймарданов Жандос Нұрланұлы

–

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, хатшы

 

Сараптама тобының мүшелері:

Зәкиева Динара Болатқызы

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

 

Нұрбек Саясат

 

–

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

 

Ахмедиев Дархан Мейрамұлы

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы

 

Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

 

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

 

Сарым Айдос Әміроллаұлы 

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

 

Шибутов Марат Максумұлы

–

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

 

 

 

Рауан Кенжеханұлы

 

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті

 

Мусин Бағдат Батырбекұлы

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

 

Мухамеджанов Евгений Викторович

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
«ECO Network» жобасының негізін қалаушы

 

Мұхтарова Найла Алтайқызы 

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

 

Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

 

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы 

–

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

 

Ғазиз Әбішев

–

«Metropolitan information group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

 

Баткеев Біржан Бақытбекұлы

–

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

 

Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы

–

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы

 

Боранбаев Әнуар Болатұлы

–

«Зерттеу және консалтинг орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің серіктесі

 

Гумаров Эльдар Мұхтарұлы

–

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

 

Досымбеков Ерлан Беркінұлы

–

«Ernst & Young» Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі, «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы

 

Ерзат Дулат

–

«Higgsfield AI» негізін қалаушы

Жайықов Қуаныш Маратұлы

–

«Desht» талдау орталығының басшысы

Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы

–

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті

 

Мецик Олег Игоревич

–

форсайттар бойынша маман, «СИМКОН» үнемді технологиялар өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

 

Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы

–

«Өзекті саясат институты» қоғамдық қорының вице-президенті

 

 

 

Нұрғалиева Мадина Маратқызы 

–

«Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінің директоры

 

Сағынбаева Аяулым Зарлықанқызы 

–

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы

 

Сәкенов Олжас Берлесұлы

–

«Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

 

Чеботарев Андрей Евгеньевич 

–

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры

 

Шүкіжанова Динара Аманжелқызы

–

«Агромашхолдинг KZ» акционерлік қоғамының президенті

Наверх