Ақсу ферроқорытпа зауыты өртке оранды

21 Маусым 2023, 20:27
1310
Бөлісу:
Ақсу ферроқорытпа зауыты өртке оранды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Зауыт қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, облыстық ТЖД қызметіне 21 маусымда сағат 15.54-те Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 балқыту цехындағы трансформатордың жанып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келгенде «Қазхром» ТҰК АҚ АФЗ аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанғаны анықталды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт кезінде көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылған.

Екінші трансформатор жануы тоқтатылған, трансформаторлық шахталардағы №15 белгіде электр сымдары жануда.

Қазіргі уақытта ТЖД-ның 53 қызметкері мен 13 техника жұмыс істеуде, штаб құрылып, 102 және 103 қызмет қызметкерлері орналастырылды.

Өрт сөндірілгеннен кейін қанша аумақ жанғаны анықталады.

Zakon.kz деректеріне сүйенсек, зауыттағы өртті сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші зардап шекті. Ол орташа деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Өзгелердің жаңалығы