АҚШ-та терроризм күдігімен Қазақстан азаматы ұсталды

Күдікті елден депортациялауға қатысты жол құжаттары дайындалғанша ICE қамауында болады.

Бүгiн 2026, 12:53
АВТОР
 https://www.instagram.com/icegov/ Бүгiн 2026, 12:53
Бүгiн 2026, 12:53
212
Фото: https://www.instagram.com/icegov/

2026 жылдың 5 маусымында ICE (АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полициясы) қызметкерлері федералдық серіктестерінің қолдауымен Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстау операциясын жүргізді. 

2025 жылдың жазында иммиграциялық судья оны елден депортациялау туралы шешім шығарған, алайда қазақстандық сот отырысына келмей қалған. 

Еламан Балтагерейді елден шығару туралы түпкілікті шешімі бар. Ол терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінген тұлға ретінде ұсталды. Күдікті елден депортациялауға қатысты жол құжаттары дайындалғанша ICE қамауында болады. Президент Трамп пен хатшы Маллин басшылығымен ICE иммиграциялық заңнаманың дәл жазылған нұсқада орындалуын, әсіресе терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікті заңсыз мигранттарды құрықтауды қатаң қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді ICE өкілдері.

Қазіргі уақытта ер адам депортациялауға дайындық жұмыстары аяқталғанша иммиграциялық полицияның қамауында болады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та із-түзсіз жоғалған Әсет Құралбай қаза болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от U.S. Immigration and Customs Enforcement (@icegov)

Наверх