АҚШ-та «омикронның» ушығуына байланысты 200 рейс кейінге қалдырылды

24 Желтоқсан 2021, 21:29
1134
Бөлісу:
АҚШ-та «омикронның» ушығуына байланысты 200 рейс кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та омикрон штамының ушығуына байланысты Жаңа жыл қарсаңында ұшатын 200-ден астам рейс кейінге шегерілді, деп жазды Хабар 24. 

Бұл туралы Американың екі бірдей әуе компаниясы мәлімдеді. Юнайтед Эйрлейнс пен Дэльта Эйрлейнс компанияларының басшылары бұл шешім жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қамы үшін қабылданғанын айтады. 

Қазір компания қызметкерлері жолаушылармен байланысып, мән-жайды түсіндіріп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы