АҚШ Мемлекеттік хатшысы Республика күнімен құттықтады

25 Қазан 2022, 15:34
1479
Бөлісу:
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Республика күнімен құттықтады

Қазақстан Орталық Азия жүрегiнде экономика және коммерцияда бағалы серіктес болып табылады және біз оның өңірдегі ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз. Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен осылай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жақында жарияланған 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілділігін қуаттайды және алдағы жылдары қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсетініне үміттіміз.

Республика күні Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға арналған. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып табылады. АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және олардың нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асырылуын мақұлдаймыз. Қазақстан Орталық Азия жүрегiнде экономика және коммерцияда бағалы серіктес болып табылады және біз оның өңірдегі ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз.

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды және біз Қазақстан халқымен 31 жылдық берiк достығымызды мақтан тұтамыз», - делінген құттықтауда.

Энтони Блинкен атап өткендей, АҚШ өңірдегі және одан тыс жерлердегi бейбітшілік, өркендеу және тұрақтылық сияқты ортақ басымдықтарды бірге алға ілгерілетуді жалғастыра береді.

Өзгелердің жаңалығы